Amber Calm апартаменттері
3D-турмен шолуЖоба галереясы
Жоба туралы
Алматыдағы пәтер интерьері лаконикалық палитрасы мен айқын табиғи фактуралары бар заманауи стильде орындалған. Біріктірілген кеңістіктің басты акценті — асхана аймағындағы, әртүрлі жарықта өрнектерінің реңкін өзгертетін Patagonia кварцитінен жасалған панно. Асүй сүт түсті фасадтардың, жылы ағаш реңкіндегі кіріктірілген пеналдардың және аралда қайталанатұн қара тас столешницаның үйлесіміне негізделген. Жылытылған лоджия оқшауланған жұмыс орны ретінде бейімделген.
Мастер-жатын бөлмеде тастан жасалған төсек басы басты визуальды элемент ретінде көрінеді. Оның өзінің жуынатын бөлмесі мен киім бөлмесі бар. Қонақ бөлмесі де жеке жуынатын бөлмемен және киім бөлмесімен жабдықталған, ал ондағы зат сақтау жүйесіне кіретін есік көлемді ағаш панельдердің артына шебер жасырылған.
Виртуалды 3D-тур
Панорамалық тур арқылы жобаның атмосферасына еніңіз.
3D-тур бойынша қозғалу үшін тінтуірді немесе сенсорлық экранды пайдаланыңыз.
Жоба ұнады ма?
Сіздің нысаныңыз үшін дәл осындайын жасаймыз
Жобаңыз туралы бізге айтыңыз — біз барлық күткен нәтижеден асып түсетін концепцияны әзірлейміз. Алғашқы консультация тегін.