Origin Haven апартаменттері

2022 Тұрғын үй 139 м² Орындалған

3D-турмен шолу
Барлық проекттер
  • Тұрғын үй
  • Орындалған
  • 139 м²
  • 2022

Жоба туралы

139 ш.м пәтердің интерьері үш адамнан тұратын отбасы үшін жобаланған. Жобаның басты идеясы — қала қарбаласынан кейін тынығатын нағыз жеке панаға (убежище) айналатын, заманауи минимализм стиліндегі жинақы әрі мағыналы кеңістік құру.

Асүй, асхана және қонақ бөлмесінің біріктірілген орталық аумағы аймақтар бір-бірін ауырлатпай, керісінше толықтырып тұратындай етіп жоспарланған. Асүйдің басты ерекшелігі — «көрінбейтін асүй» тұжырымдамасы: барлық тұрмыстық аймақтар мен функционалды фасадтар жинақы панельдердің артына жасырылып, асүйді қабырға архитектурасының жалғасына айналдырады. Өңдеуде паркет, суэмульсиялы бояу, табиғи шпон және ТВ-аймағындағы акцентті керамогранит қолданылды, ал «қалықтайтын» төбе эффектісі кеңістікке жеңілдік береді.

Жатын бөлмеде демалыс орнын, киім бөлмесін (гардероб) және жеке жұмыс аймағын үйлесімді біріктіру мүмкін болды. Интерьердің басты акценті — төсек басындағы жұмсақ жарықтандыруы бар фактуралы панель. Бұл саз балшықты (саман) қабырғалардың рельефін заманауи дизайнерлік пайымдау болып табылады және жайлылық пен қорғалғандық сезімін арттыра түседі. Интерьер палитрасы табиғи түстерге (сары-беж, сұр, ағаш) негізделген, ал жылы жұмсақ жарығы бар күрделі жарықтандыру сценарийі үйдің ерекше атмосферасын айшықтайды.

Виртуалды 3D-тур

Панорамалық тур арқылы жобаның атмосферасына еніңіз.

3D-тур бойынша қозғалу үшін тінтуірді немесе сенсорлық экранды пайдаланыңыз.

Жоба ұнады ма?

Сіздің нысаныңыз үшін дәл осындайын жасаймыз

Жобаңыз туралы бізге айтыңыз — біз барлық күткен нәтижеден асып түсетін концепцияны әзірлейміз. Алғашқы консультация тегін.

Барлық жобалар