Статья

Жуынатын бөлме дизайны: Сарапшылардан 6 практикалық кеңес

Барлық жарияланымдар

Жуынатын бөлменің дизайны мен кейінгі жөндеу жұмыстары — оңай процесс емес. Бұл барыста шамдарды, беткі материалдарды, шкафтарды, электр және су құбыры коммуникацияларын таңдауда көптеген нюанстарды ескеру қажет, сондықтан барлығын алдын ала жақсылап жоспарлау және сіз бен отбасыңыздың бұл кеңістікті жеке қажеттіліктерді ескере отырып қалай пайдаланатынын мұқият ойластыру өте маңызды.

Біздің дизайнерлер сізге мінсіз ванна бөлмесін жасауға көмектесетін пайдалы кеңестермен бөліседі.

Ванна бөлмесінің интерьеріне қойылатын талаптарды алдын ала анықтаңыз

Бұл бөлмені кімдер пайдаланатынын ойластырыңыз, себебі бұл болашақ жоспарлау шешіміне тікелей әсер етеді. Бұл екі адамға арналған душ бөлмесі ме, әлде балалары бар отбасыға арналған толыққанды ванна бөлмесі ме? SPA-салон стиліндегі ванна бөлмесінің интерьері техникалық талаптар мен жабдықтардың кең тізімін қажет етеді: ванна, бөлек душ аймағы, қос раковина, сақтау орындарының жеткілікті саны, сүлгі ілгіштері немесе тұтқалар. Ал қонақтарға арналған шағын ванна бөлмесінде тек душ пен дәретхана жеткілікті болуы мүмкін.

Келесі қадам — бөлменің атмосферасын анықтау. Бұл сіз тынығып, оңаша қалатын орын бола ма, әлде сергіп, қуат алатын кеңістік пе? Осыған байланысты жарықтандыру, сантехникалық фурнитура және түстер палитрасы таңдалады.

Кеңістіктің мүмкіндіктерін бағалаңыз

Бөлменің өлшемі мен ерекшеліктерін шынайы түрде бағалаңыз. Терезелердің, құбырлардың, есіктердің орналасуы сияқты дизайнға әсер ететін факторларды ескеріңіз. Қағазға бөлменің шамамен жоспарын сызыңыз. Орнатқыңыз келетін барлық элементтердің — ванна, раковина, дәретхана, душ кабинасы және басқа жабдықтардың — пішіндерін жеке дайындаңыз. Кейін оларды жоспардың үстіне орналастырып көріп, өзіңізге ең қолайлы жоспарлау нұсқасын таңдай аласыз.

“Hide park” жобасы
“Hide park” жобасы

Элементтер арасында жеткілікті бос кеңістік қалдырыңыз

Жабдықтар мен жиһаздардың арасында жеткілікті орын болуын қарастырыңыз және бөлмеде бір уақытта бірнеше адам болған жағдайда қозғалу қаншалықты ыңғайлы болатынын бағалаңыз.

Жоспарлау шешімін таңдаңыз

Дұрыс жоспарлау ванна бөлмесінің ыңғайлы дизайнын жасап, барлық қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Егер қазіргі жоспарлау сізге қолайлы болса, сантехникалық жабдықтарды, еден жабындысын немесе плитканы ауыстыру, сондай-ақ қабырғаларды қайта бояу арқылы бөлменің келбетін жаңартуға болады. Бұл анағұрлым үнемді шешім, өйткені кәріз және су құбырларын көшіру айтарлықтай шығынды талап етуі мүмкін.

Алдағы бірнеше жылда қажеттіліктеріңіздің қалай өзгеруі мүмкін екенін де ескеріңіз. Қазіргі таңда душ кабинасы жеткілікті болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе бұл талаптар өзгеруі ықтимал. Мысалы, отбасыңыздың саны артуы мүмкін.

Желдетудің маңызын ұмытпаңыз

Ванна бөлмесінің дизайнын жоспарлауда желдету жүйесі ерекше маңызды рөл атқарады. Артық ылғал мен конденсат жиһазға және әрлеу материалдарына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан тиімді сорғыш желдеткіш орнату қажет. Ол жеткілікті қуатты болуы керек, бірақ қатты шу шығармауы тиіс. Желдеткішті жарықтандыру жүйесінен бөлек қосқан дұрыс, сонда оны қажет кезде өзіңіз басқарып қосып-өшіруге мүмкіндік болады.

“Sillver hills” жобасы

Сақтау орындарын алдын ала жоспарлаңыз

Ванна бөлмесінің дизайнын жоспарлау кезінде жиі назардан тыс қалатын тұстардың бірі — сақтау жүйесі. Оны елемеуге болмайды. Бір ғана шағын шыны сөре жеткіліксіз болуы мүмкін. Гигиеналық құралдарды көзге көрсетіп қоюдың қажеті жоқ, сондай-ақ душтағы еденде тұрған сусабын құтылары да интерьердің көркін бұзады. Сондықтан тумба, шкафтар немесе жасырын сақтау қуыстарының болуын алдын ала қарастырған жөн.

Жарықтандыруды мұқият ойластырыңыз

Ванна бөлмесінің интерьерін жобалаудың бастапқы кезеңінде-ақ жарықтандыру жүйесін жоспарлау қажет. Көп деңгейлі жарықтандыру бөлмені қырыну немесе макияж жасау үшін жеткілікті жарықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ванна қабылдау кезінде жайлы әрі тыныш атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • Кіріктірілген шамдар бөлмені жалпы жарықтандыруды қамтамасыз етеді;

  • Айна маңындағы жарықтандыру күнделікті күтім жұмыстарын жеңілдетеді;

  • Акценттік жарықтандыру дизайнерлік радиатор сияқты ерекше интерьер элементтерін айқындауға көмектеседі;

  • Жарық қарқындылығын реттейтін ажыратқыштар таңертеңгі және кешкі уақытқа сәйкес атмосфераны өзгертуге мүмкіндік береді.

Жарықтандыру дизайны бөлменің әр аймағының қызметіне сәйкес болуы керек. Көлеңкелердің пайда болуын болдырмау үшін жұмыс аймақтары мен айналардың жарықтандырылуы дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз.

Сәйкес әрлеу материалдарын таңдаңыз

Күтімі жеңіл әрлеу материалдарына басымдық беріңіз. Керамика мен жасанды тас сияқты берік әрі күтімге оңай материалдар ванна бөлмесінің беттерін әрлеу үшін ең қолайлы таңдау болып табылады. Табиғи тас өте әдемі көрінгенімен, оның кеуекті құрылымы қосымша қорғаныс өңдеуін қажет етеді және күтімі күрделірек болады.

Керамикалық плитканы ванна бөлмесінің интерьеріне түс пен ерекше өрнек қосу үшін шығармашылық тұрғыдан пайдалануға болады. Мысалы:

  • Кеңістікті аймақтарға бөлу үшін әртүрлі түстегі плиткаларды қолданыңыз. Мысалы, бүкіл бөлмеге ақ плитка төсеп, душ аймағын ашық түспен ерекшелеуге болады;

  • Бірдей плитканы қабырға мен еденге қолданыңыз, бірақ пішімін өзгертіңіз: қабырғаға тікбұрышты, ал еденге шаршы плитка пайдаланыңыз;

  • Мозаикалық қаптамалар арқылы интерьерге ерекше көркемдік әсер беріңіз;

  • Әртүрлі пішіндегі плиткалармен акцент жасаңыз. Мысалы, алтыбұрышты, балық қабыршағы тәрізді немесе шеврон үлгісіндегі плиткаларды қарастыруға болады.

"Mediterranean Minimal" жобасы
"Mediterranean Minimal" жобасы

При выборе плитки, учитывайте ее текстуру. Выбирая глянцевую плитку для основания душа, следите за тем, чтобы она не была слишком скользкой. С другой стороны, плитку с более грубой поверхностью труднее чистить, поскольку на ней задерживается грязь. Выбирайте не слишком гладкую и не слишком шероховатую плитку, а если вы используете плитку из натурального камня, обязательно обработайте ее, чтобы она была более водостойкой.

Обдумайте цветовую гамму

Ванные комнаты ассоциируются у нас с чистотой, свежестью и отдыхом, поэтому наиболее популярные цвета, как правило, отражают эти качества — это белые, теплые светлые тона, нейтральные оттенки, такие как мягкий серый и каменный. Эти светлые оттенки отличаются практичностью и универсальностью и помогают визуально увеличить пространство.

“Linearis” жобасы
“Linearis” жобасы

Бюджетті алдын ала анықтаңыз

Бюджетті алдын ала белгілеп алу шығындардың басымдықтарын дұрыс анықтауға көмектеседі: қай жерде үнемдеуге болатынын және қай жерде қаражатты аямау керектігін түсінесіз. Өзіңізге нақты бюджет қойып, мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалаңыз.

Ванна бөлмесін жөндеу кезінде шығындардың жоспарланған сомадан асып кетуі жиі кездеседі. Сондықтан сантехникалық және электр монтаждау жұмыстары, плитка төсеу, әрлеу материалдары және басқа да барлық шығындарды алдын ала есепке алған жөн.

Гидрооқшаулау, электр жүйесі және сантехника сапасынан үнемдемеңіз. Бұл элементтер ванна бөлмесінің қауіпсіздігіне, ұзақ қызмет етуіне және пайдалану қолайлылығына тікелей әсер етеді. Сапалы материалдар мен кәсіби монтаж болашақта қосымша жөндеу шығындарынан сақтайды.

"For you" жобасы

Барлық идеяларыңызды бір жерге жинап, калькулятор алып қажетті есептеулерді жасаңыз. Қандай материалдар мен жабдықтарды сатып алу қажет екенін, қандай жұмыстар үшін ақы төлеу керектігін және жөндеу жұмыстарын қандай мерзімде аяқтау қажет екенін алдын ала анықтаңыз.

Мамандардан кеңес алыңыз

Егер бюджет мүмкіндік берсе, ванна бөлмесінің интерьерін жобалау үшін кәсіби дизайнердің көмегіне жүгініңіз. Ол кеңістікті барынша тиімді пайдалануға көмектеседі, жобаны іске асыру барысында бағыт-бағдар береді, заманауи материалдар мен технологиялар туралы ақпарат ұсынады және шағын немесе стандартты емес бөлмелер үшін тиімді шешімдер ұсына алады.

Осы қарапайым кеңестерді ұстансаңыз, жақын арада өзіңізге жайлы, әдемі әрі ұзақ жылдар бойы қуаныш сыйлайтын ванна бөлмесінің иесі боласыз.